ӨзА Қазақ

05.09.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандық 14 жасар вундеркинд бала университет студенті атанды

Өзбекстандық 14 жасар вундеркинд бала университет студенті атанды

Вундеркинд немесе аса дарынды. Бұл қасиет балаға туа біткен талант, жаратқаннан берілген ерекше қабілет десек қате емес шығар. Өйткені өз қатарынан оза шауып, өзінен бірнеше жас үлкендердің ақылы жетпейтін ұшқыр ойларымен кемеңгер тапқырлығы арқасында осылай аталса керекті бұл топқа жатушы таланты жандар.

Әлемде мұндай дарын иелері бақша жастан-ақ мектепті, мектеп жасында жоғарғы білім деңгейін алып үлгереді. Міне осындай қабілетті балалар қатарында Қашқадариялық Жасурбек Ғуламовта небәрі 14 жасында университетте білім алып жатыр.

Қашқадария облысы Кітап ауданында туып өскен Жасурбек биыл академик лицейді аяқтап, Қаршы мемлекеттік университетінің «Биология» факултетіне мемлекеттік грантпен қабылданып бірінші курс студенті атанды.

Жасурбек Ғуламов бүгінгі таңда Өзбекстандағы ең жас студент. 

12363719.jpg


6 809
ӨзА