ӨзА Қазақ

17.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда «Жыл адамы» Сенат Төрайымы Танзила Нарбоева үздік деп табылды

Өзбекстанда «Жыл адамы» Сенат Төрайымы Танзила Нарбоева үздік деп табылды

Бүгін Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Жыл таңдауы – 2019» салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Онда түрлі номинациялар бойынша дауыс беру арқылы жыл бойында үздік нәтижеге қол жеткізген жандар марапатталды.

2019 жылда Өзбекстанда белсенділік көрсетіп, сындарлы өзгерістерге қол жеткізген «Үздік аймақ» номинациясында бірінші орын Самарқанд облысына берілді. 

II орын - Наманган облысы
II орын – Ташкент қаласы
III орын - Әндіжан облысы
III орын - Науаиы облысы

2019 жыл барысында ашықтық және нақтылық қағидаты бойынша жұмыс жасаған "Үздік мемлекеттік немесе қоғамдық ұйым" марапаты - Мемлекеттік қызметтер агенттігіне табысталды.

II орын - Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі
III орын - Өзбекстан мұсылмандары басқармасы

2019 жылдың "Үздік Министрлік" сыйлығына Әділет минситрлігі көп дауыс жиып бірінші орынға ие болды.

II орын - Өзбекстан Республикасы Білім министрлігі
II орын - Өзбекстан Республикасы Экономика және өнеркәсіп министрлігі
III орын - Өзбекстан Республикасы Су ресурстары министрлігі
III орын - Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі

2019 жылдың «Жыл жаңалығы» марапатында - Министрлер Мекемесінің жанындағы Білім сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекция үздік деп табылды.

2019 жылдың үздік іс-шарасы - «World Influencers Congress» I Халықаралық инфлуенсерлер конгресі жылдың ең сәтті шарасы деп табылды.

Марапаттау рәсімінде үлгілі министрліктер мен ұйымдар және ведомстволармен бірге халық мәселесін күн тәртібіне қоя білген «Жылдың үздік депутаты» номинациясында көп дауыс жиған Расул Кушербаев марапатталды. 

Осы номинацияны таайындауда 2019 жыл барысында Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігімен үздіксіз байланыста болған ұйым өкілі «Үздік серіктес» марапатымен Тұтынушылар құқығын қорғаушы ұйым өкілі Шералі Саттаров марапатталды. 

2019 жылдың «Жыл адамы» үздік мемлекеттік қайраткер, Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Сенат Төрайымы Танзила Нарбоева деп табылды.


5 507
ӨзА