ӨзА Қазақ

14.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда журналистік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілмек

Өзбекстанда журналистік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілік күшейтілмек

Қазіргі таңда қоғамға жылдам әрі шынайы ақпарат тарату мен оқиғаның келіп шығу салдарын анықтауда журналистке кедергі жасау фактілері бүкіл әлемде орын алып жатқан сорақы жағдай екені белгілі. Өзбекстан үкіметі осы жағдайды болдырмау және журналистердің мәртебесін көтермелеу мен олар құқығын қорғау мақсатында «Олий Мажлистің» Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы көпшіліктің талқылауына жарияланды.

Атаулы құжат бойынша, 1994 жыл 22 қыркүйекте қабылданып 2015-XII-санды Заң мен бекітілген Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне келесі түзетулер мен қосымшала енгізіледі:

Онда, 197-5 баппен толықтырылып, журналистік қызметке кедергі жасау, ақпарат таратуына немесе таратудан бас тартуға мәжбүрлеу, аккредиттеуден бас тартуға немесе аккредиттацияны орынсыз жарамсыз етуге, журналисттің сұрақ қоюы және қажетті ақпаратты алу құқығын бұзуға, журналистің материалдары мен жұмыс құрал жабдықтарын заңсыз алып қою негіздері базалық есептеу мөлшерінің екі ден бес еселенген мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Еске сала кетсек, Олий Мажлистің Заң палатасы депутаты Расул Кушербаев бұл мәселеде аса көңілі толмайынын жеткізіп, «журналистерге қысым көрсеткен кісі заң аясында жазалануы тиіс, кешірім сұраумен құтылып кетуі керек емес» деп айтқан еді.

6 769
ӨзА