ӨзА Қазақ

06.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда жеке нотариустар қызметіне рұқсат етіледі

Өзбекстанда жеке нотариустар қызметіне рұқсат етіледі

Жоғары Мәжілістің Заң шығару палатасы депутаттары қызу талқылап жатқан «Нотариаттық жүйені түбегейлі өзгертуге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бірқатар маңызды өзгерістерді қамтылған.

Аталған заң жобасы нотариалдық мекеменің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және жеке және заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға арналған болып, «Нотариат туралы» заңда жеке түрде осы қызметпен айналысатын нотариустардың қызметін ұйымдастырудың негіздері және олардың қызметіне лицензия беру тәртібі көрсетілген.

Қазірде Әділет министрлігіне белгілі аймақтардағы нотариустардың минималды санын анықтауға уәкілеттілік беріліп, алдағы уақытта республика аумағында жұмыс істейтін нотариустардың максималды саны шектелмейтін болады. Осы қызметпен айналушы мамандарды біріктіруші және оларды үйлестіру мақсатында Өзбекстан Республикасының Нотариаттық палатасын құру қарастырылған.

Жоба жақын арада Заң шығарушы палата мәжілісінің бірінші оқылымда қарау үшін ұсынылады деп жоспарланған.

4 952
ӨзА