ӨзА Қазақ

15.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы әуежайлар жеке инвесторларға берілуі мүмкін

Өзбекстандағы әуежайлар жеке инвесторларға берілуі мүмкін

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігінің директоры С. Бекенов Жапонияның азаматтық авиация бюросы директорының орынбасары бастаған «Sumitomo» корпорациясы делегациясын қабылдады.

Мұндағы көзделген мақсат Өзбекстандағы аэропоттарды жекешелендіріп олардың қызмет сапасын арттыру мен қатар әлемдік стандарттарға сай үлгіде жұмыс жүргізу.

Мемлекеттік активтерді басқару агенттігіндегі болған кездесуде, «Sumitomo» корпорациясы өкілдерімен Ташкент халықаралық әуежайының концессиялық жобаларын басқару бойынша ұсыныстар айтылып, «Өзбекстан әуежайлары» АҚ жұмысына жапондық эксперттерді тарта отырып, елдегі басқа Самарқанд, Бұхара, Үргенч, Ферғана және Терміз әуежайларында осы механизмді жолға қою жайлы ақылдасты.

Сұхбат барысында, қазірде жаһандық әуежайлар рейнгінде жоғары орында тұрған Жапонияның Нарита, Фукока, Сендай, Кансай және Хоккайдо сынды әуежайларындағы басқару жүйесі мен пайдаланушылар үшін жасалған қолайлықтар туралы пікір алмасып, жақын күндері Өзбекстан Президентінің Жапонияға жасайтын сапары аясында осы мәселелерге де назар аудару жайлы сөз болды.  

5 225
ӨзА