ӨзА Қазақ

02.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы науқастар коронавирусты қалай жұқтырғандығы белгілі болды

Өзбекстандағы науқастар коронавирусты қалай жұқтырғандығы белгілі болды

Жер бетіндегі тіршілік иесіне қауіп төндірген ажалды індет коронавирустың Өзбекстан аумығанда тіркелгендігіне бүгін 18 күн. Осы аралықта науқастар саны 190 кісіге жетіп үлгерді.

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігі коронавирус диагнозы қойылған науқастардың осы жылдың 2 сәуірінен бастап қалай жұқтырғаны бұл процес қай түрде өскені туралы ақпаратпен бөлісті.

Агенттіктің статистикасына сай, 190 науқастан 72-сі шетелде болып елге келген азаматтар болған және олар Өзбекстанға келгенде вирус тіркелген. Қалған 112 азамат осы шеттен келген азаматтар мен жақын байланыста болғандығы арқасында осы дертті жұқтырған.

Еске сала кетсек Өзбекстанда коронавирустың алғашқы дерегі 15 наурызда тіркелген болып, ол 11 наурыз күні Парижден Ташкентке оралған дәрігер әйел сараптамасынан анықталған еді. Жалпы осы індеттің мемлекет аумағына кіріп келу жағдайы қазірге халықаралық 8 әуе бағыттар арқылы орын алғаны белгілі болып, олар: Париж, Стамбул, Лондон, Дубай және Сауд Арабиясы, Ресей, Қырғызстан, Швейцария елдерінен оралғандардан анықталған.

1 972
ӨзА