ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өткен апта басрысындағы Өзбекстанда болған негізгі оқиғаларға қысқаша апталық шолу. 

fcbf0625-16f1-56ea-de9c-4e8481f68ee9.jpg

Алдыңғы аптада Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев Ташкенттегі жер үсті метросының құрылысымен танысып, ондағы құрылысы аяқталып пайдалануға берілер екі аялдаманы аралады. Сондай-ақ, Өзбекстанға сапармен келген Үндістанның Гуджарант штаты делегаттарын қабылдап, Үндістан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатнастар жайын талқылады. Сонымен қатар елдегі өнеркәсіп салсына және мұнай-газ өндірісіне арналған жиын өткізді. 

unr4Oi3CqL76VDlFX8je3sVqrxcX3IQ3.jpg

Өткен аптада Тәжікстан мен Өзбекстан арасында тағы бір автобус қатнауы жолға қойылып, бұл бағыт Ферғана облысы Қоқан қаласынан бастау алады. Тәжікстан Республикасы Шайдон қаласынан Қоқан бағытына келер аралық қашықтық 84,5 шақырымды құрайды. 

7f0cbecbba77dcc93abb920c61ae3231.png  

Өзбекстан экономикасы күн санап өсіп келеді. Өткен аптада осы жайында мемлекеттік статистика комитеті 9 айлық жиынтық ұсынып өл өткен жылдың осы тұсына сәйкес өскендігін көрсеткен. Көлік өндірісі 40,4 пайызға, жалпы ішкі өнім 3,7 пайызға артып, халық саны 1,9-ға өскен. Дүниежүзілік банктің «Doing business» рейтингінде 18 сатыға жоғарылаған. 

Снимок22266.JPG

Туризм саласына байланысты Ташкент қаласының гастрономдық картасы жасалды. Енді облыс аумағында тұратын тұрғындар аймақта қандай демалыс орны, көңілашар орталар және саяхаттауға арналған әсем мекендер жайлы мәліметтерді осы карта арқылы көріп сапарын сәтті өткізе алатын болады. 

4797.jpg

Өзбекстанда шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі ол – облыстардан жұмыс іздеп Ташкентке келген азаматтардың уақытша немесе тұрақты тіркеу мәселесі. Бұл екеуіде оңай шешілер шаруа емес. Өйткені тұрақты тіркеуге тұру процесі қиын әрі күрделі, ал уақытша тіркеу шаруасы да оңай бітетін мәселе емес. Себебі туысқан, жақын адамдар көмек ұшын бермесе бұлда жайына қала бермек. Жоғары Мәжіліс Заң палатасы депутаты Расул Кушербаев осынау өзекті проблема жайын шешу жолын тағы бір көтерген еді. 


4 872
ӨзА