ӨзА Қазақ

11.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өзбекстандағы хабарларға апталық шолу

Өткен апта басрысындағы Өзбекстанда болған негізгі оқиғаларға қысқаша апталық шолу.

SYbr_EgIe_JQqpgrv0gdjkcXwaYGOJOf.jpg

Өзбекстан мен Қытай білім саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Одан көзделген мақсат Өзбекстанда Мемлекеттік білімге заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу мен мектеп оқушыларының білімділігін арттыру.

146648_89011fe37cada6d0c50faced13bf.jpg

2020 жылдан бастап Өзбекстанның Орталық банкі екінші дәрежелі банктер үстінен бақылауды күшейтпек. Өйткені осы бақылауға арналған жаңа заң ережелеріне сай кейбір алаяқтық жағдайларды болдырмау. Егер келесі жылдан бастап атаулы заңды жалтарар банктер анықталса, оларға 1 миллиард доллар көлемінде айып пұл салу мен қатар қызметіне шектеу қойылатын болады.

5444d8ed_cdee_5755_56d0_79199e34b09e.jpg

Өткен аптадағы өзекті оқиғаның бірі ТМД елдерінің арнайы қызмет басшыларының Ташкентте бас қосуы болды. Кезектегі кеңес алдынан арнайы қызмет басшыларын Президент Шавкат Мирзияев қабылдап сұхбат құру мен бірге атаулы кеңесті табысты өткізуге сенім білдірді. Бұл кеңестегі негізгі мәселе халықаралық терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту шаралары талқыланды.

hDcsujMAtGdoRrAD-SdKYOn8bi0--jVl.jpg

Өзбекстан үкіметі 50 мыңға жуық азаматқа ресми азаматтық мәртебесін бермек. Қазірде Орталық Азия аймағында азаматтығы жоқ жандардың көпшілігі Өзбекстан аумағында өмір сүріп келеді екен. Осы жағдайды ескерген үкімет мәселені шешу жолын былай бағамдаған. 

O_zb_Qirg_iz-_5_.jpg

Футболдан өзбек құрамасы достастық кездесуде қырғыз құрамасының үстінен жеңіске жетті. Ташкенттегі орталық «Пахтакор» стадионында өткен ойында есеп 3:1 есебінде аяқталды. 


4 916
ӨзА