ӨзА Қазақ

12.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда вирустан сауыққандар қатары күрт өсті

Өзбекстанда вирустан сауыққандар қатары күрт өсті

Деснаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша Өзбекстанда коронавирус індетінен айыққан науқастардың қатары 24 кісіге көбейген.

Кезектегі аурудан сауыққан жандар анықталған аймақтар: Ташкенттен 19 жан, 4 кісі Бұқарада, 1 азамат Хорезм облысында тіркелген. Ташкенттегі карантиндік бақылау аймағынан сауығып шыққандарды Денсаулық сақтау министрі Алишер Шодмонов және Вирусология ғылыми-зерттеу институты клиникасының басқа да лауазымды тұлғалары Республикалық мамандандырылған терапия және медициналық оңалту ғылыми-практикалық орталығына шығарып салды.

Сонымен жалпы ел аумағында вирустан сауыққндар саны 66 кісіге жетті. Ал індет жұқтырған науқастар 833- ті құрап, 4 азамат аурудан көз жұмған. 100 мыңнан астам азамат карантиндік бақылауға алынған. 

617671a2dc114f5a631a0.jpg

1 829
ӨзА