ӨзА Қазақ

13.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда вирус жұқтырғандар 900-ге жуықтады

Өзбекстанда вирус жұқтырғандар 900-ге жуықтады

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы 31 адамнан коронавирус инфекциясы анықталғаны жайлы хабарлады.

Онда, «2020 жыл 13 сәуір сағат 10:00де республикада тіркелген коронавирустық науқастар саны 896 адамды құрайды», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Бүгін ел аумағында коронавирус тіркелгеніне 29 күн болып,осы аралықта карантиндік тәртіпті бұзған 43 мыңнан астам адам белгілі болған. Сондай-ақ бүгіннен бастап Наманган қаласы мен аудан орталықтарында барлық түрдегі көлік құралдары мен азаматтардың мақсатсыз сыртқа шығуына тыйым салынды. Күніне бір реттік азық-түлік, дәрі-дәрмек және аса қажетті заттарды алуға ғана жақын маңдағы дүкендерге баруға рұқсат етілген.

Соңғы ақпаратқа сай Өзбекстанда 896 кісі ауруға шылдығып, олардың 66 емделген. 4 азамат көз жұмды. 

1 695
ӨзА