ӨзА Қазақ

11.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда тағы 72 азаматтан Covid-19 індетінің белгілері анықталды

Өзбекстанда тағы 72 азаматтан Covid-19 індетінің белгілері анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің хабарлауынша, Өзбекстанда тағы 72 азаматтан Covid-19 індетінің белгілері анықталған.

Бұл азаматтардың 20 карантин орталығындағылар болса, Науаиы облысынан - 18, Ташкент және Наманган облыстарында - 3, сондай-ақ Қашқадария облысының Мубарак ауданында шетелдік кәсіпорынның 28 қызметкерінен шыққан.

Қазіргі уақытта республика бойынша 3532 жан аурудан сауығып шыққан. Ал 19 кісі өкінішке орай індеттен көз жұмды. Ауруханаларда 1144 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 10 азаматтың жағдайы ауыр, біреуі өте ауыр халде екені айтылған.

3 033
ӨзА