ӨзА Қазақ

26.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда тағы 5 азамат COVID-19 вирусын жұқтырып, аурулар саны 65-ке жетті

Өзбекстанда тағы 5 азамат COVID-19 вирусын жұқтырып, аурулар саны 65-ке жетті

Өзбекстандағы коронавирус індетіне байланысты соңғы деректерке сай тағы бес адам осы ауруды жұқтырып, жалпы науқастар саны 65 кісіге жетті.

Өз сараптамасында коронавирус инфекциясы анықталған азамат жақында Сауд Арабиясында Умра сапарынан қайтқан ферғаналық өз отбасындағы әйелі, екі баласы мен келініне жұқтырғандығы анықталды. Қазіргі уақытта олар Ферғанадағы инфекциялы аурулар емханасына жатқызылған. Ал бесінші науқас - Ташкент облысының тұрғыны болып, қазір ол вирусология ғылыми-зерттеу институтының клиникасында емдеуге алынған, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Еске сала кетсек Өзбекстанда коронавирустың алғашқы дерегі 15 наурызда тіркелген болып, ол 11 наурыз күні Парижден Ташкентке оралған дәрігер әйелден табылған еді. Жалпы осы індеттің мемлекет аумағына кіріп келу жағдайы қазірге халықаралық 5 әуе бағыттар арқылы орын алғаны белгілі болып, олар: Париж, Стамбул, Лондон, Дубай және Сауд Арабиясы.

2 241
ӨзА