ӨзА Қазақ

09.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда түзеу мекемелері бейне бақылауға алынып тұтқындар электронды браслет тағады

Өзбекстанда түзеу мекемелері бейне бақылауға алынып тұтқындар электронды браслет тағады

Бас бостандығынан айырумен байланысты жазаны өтеу мекемелерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында Үкіметтің №128 санды қарары шығып, онда түзеу мекемелері орналасқан аймақтан 50 мерт қашықтыққа құрылыс жүргізбеу мен 6 мертден биік ғимараттар салуға тыйым салынған.

Осы жарлыққа байланысты түзеу мекемелеріне қойылатын талаптар:
 
-жазаны орындау колониялары, оның ішінде емдеу құқығы негізінде;
-түзеу колониялары;
-түрмелер;
-сотталғандарға арналған мамандандырылған ауруханалар.

Сонымен қатар, 2020 жылда түзеу мекемелерін бейнебақылау жабдықтарымен және жеке бейнекамералармен (боди-камералар) жабдықтау, сондай-ақ пробация қызметтерінің тәжірибесінде электронды браслеттерді енгізу бағдарламасы бекітілген болып, 18 түзеу колонияларында 1833 дана бейне бақылау камерасы мен 36 жеке камералар орнатылады және 3 мың дана электронды браслеттер беріледі.

2 138
ӨзА