ӨзА Қазақ

10.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда суық қаруды алып жүргендерге жаза күшейтілмек

Өзбекстанда суық қаруды алып жүргендерге жаза күшейтілмек

Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жаында Заң жобасы таныстырылды.

Атаулы заң 1994 жыл 22 қыркүйекте қабылданып 2015-ХІІ санды Заңмен бекітілген болып 182-2 және 185-3 баптары бойынша толықтырылған: Онда айтылуынша кәсіптік, спорттық немесе тұрмыстық заттар сынды пайдалануға байланысы болмаған жағдайда қоғамдық орындарда суық қаруды алып жүру базалық есептеудің 5 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Сондай-ақ суық қару мен қару ретінде пайдалануға болатын басқа да заттар азаматтан тәркіленбек.

Егер азамат осы суық қаруды немесе соған ұқсас заттарды өзін-өзі қорғау үшін алып жүрсе, оған базалық есептеу мөлшерінің 10-нан 20-ға дейін еселенген айыппұл салынып 15 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар, ұзындығы 90 мм-ден асатын пышақ немесе кескіш, түймешелі әлде басқанда автоматты түрде қыннан шығатын, жылдам әрекетпен сыру арқылы тұтқадан шығар суық құралдарды да алып жүру заңға қайшы болып, оны жасау, тасымалдау, сақтау және жіберуде солар қатарына жатады.

Мұндай жағдайларда сотталушыға ең төменгі айлық жалақының 20 еседен 40-қа дейінгі мөлшерінде айыппұл салынады және 15 тәулікке әкімшілік жаза тағайындалады. Осы айтылған заттарды Өзбекстан аумағына алып кіру мен алып шығу да осы заңа аясында көрсетілген жазаға негіз болады. 


1 905
ӨзА