ӨзА Қазақ

28.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда қоғамдық көліктерде бірыңғай жол жүру картасы енгізіледі

Өзбекстанда қоғамдық көліктерде бірыңғай жол жүру картасы енгізіледі

Транспорт министрлігінің Ташкент қалалық басқармасы мәліметіне сай, 2020 жыл 1-ші қаңтардан бастап Өзбекстан аумағындағы қоғамдық көліктер үшін біріңғай төлем жүйесі енгізілетін болып, онда жолаушылар жол ақысын арнайы карта арқылы төлейтін болады.

Сонымен бұл қандай жүйе, жол жүру белетін қайдан және қанша бағада аламыз?

Біріңғай төлем жүйесіне арналған жол жүру белеті, көрінісінен банк картасына ұқсас болып, бағасы 30 мың сум тұрады. Оны сатып алғаннан соң картаның өзіндік номеріне ақша салып қоғамдық көліктерде осы картаға арналған құрылғыларға тигізу арқылы жол ақысын төлей аласыз.

Қоғамдық көліктердегі біріңғай жол жүру белеті төрт түрлі болуы жоспарланған. Олар, зейнеткерлерге арналған, студенттер мен оқытушыларға және жалпы жол жүруге арналған белет. Бұл белет карталары азаматтарға Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары арқылы өз суреті таспаланған түрде беріледі.

Қазірде осы сынды төлем жүйесі Ташкент қалалық метросында пайда болып, онда тек "Хумо" банк картасы арқылы төлем жүзеге асырылады.

5 247
ӨзА