ӨзА Қазақ

22.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда медмаска тағу міндетті болып, жұмысшылар қашықтықтан жұмыс режиміне өтеді

Өзбекстанда медмаска тағу міндетті болып, жұмысшылар қашықтықтан жұмыс режиміне өтеді

23 наурыздан бастап бүкіл республика аумағында медициналық бетпердесіз жүруге тыйым салынып, 25 наурыздан бұл тәртіпті бұзған жандар жазаға кесілмек.

Коронавирустыңел аумағына келуі мен таралуын болдырмау жөніндегі іс-шаралар бағдарламасын дайындау жөніндегі республикалық арнайы комиссияның кезекті отырысында, бірқатар қатаң тәртіптегі щаралар белгіленді.

Онда, 23 наурыз сағат тілі 00:00 өткенде Республиканың барлық шекаралық өткізу пүнкіттері (Өзбекстан Республикасының аумағынан кетіп баражатқан өзге елдердің азаматтарынан сырт) жабылады.

Дәл осы күннен бастап Ташкент қаласындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелерде (меншік нысанына қарамай) негізгі жұмыс қызметіне әсер етпеген хәлде, жұмысшылар мен қызметкерлерді заңда белгіленген тәртіппен еңбек демалысына шығару мен қалған жұмысшылардың қызметі мүмкіндігінше қашықтықтан (онлайн немесе қашықтан) жұмыс режиміне көшіріледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс орындарында жеке қорғаныс құралдарын (маскалар) киюге міндетті, сонымен қатар заңдарда белгіленген тәртіппен карантиндік шараларды бұзушыларға қатысты тәртіптік шаралар қолданылады.

Ташкент қаласы, Қарақалпақстан Республикасы, облыс орталықтарында 23 наурыздан бастап қоғамдық жерлерде жеке қорғаныс құралдары (маска) жоқ адамдарға «ескерту» жасалып, 25 наурыз сағат 06:00ден бастап осы жағдайды бұзған азаматтарға айлық мөлшеірнің ең төменгі көрсеткішінің бір еселенген мөлшері (223 мың сум)қолданылады. Осы жағдай тағыда қайталанар болса ТЖМ-нің үш еселік айыппұлы (669 мың сум) салынатын болады.

Медициналық қорғаныс құралдарын: маскалардың жетіспеушілігін жасанды түрде жасайтын және олардың құнын арттыратын «кәсіпкерлерге» қатаң шаралар қолданылады. Сондай-ақ ел аумағында, әсіресе 65 жастан жоғары созылмалы аурумен ауыратын азаматтардың үден шығпауы, егер шға қалған жағдайда қорғаныс құралдары болуы талап етіледі.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда қазіргі уақытта корнавирус жұқтырған жандардың саны 42 кісіге жетті. Бүгіннен бастап Ташккенттегі қоғамдық көлік қатнасы тоқтап, арнайы дезинфекцияланған көліктер қызметі басталған. 


1 717
ӨзА