ӨзА Қазақ

06.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирусты емдеуде қандай препарат пайдалануда?

Өзбекстанда коронавирусты емдеуде қандай препарат пайдалануда?

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы Нурмат Отабековтың мәлімдеуінше Өзбекстанда коронавирусты емдеуде безгекке қарсы препараттарды қолдану тиімді болуда.

Оның айтуынша: Ия, бұл дұрыс және нақты ақпарат. Коронавирусты емдеуде безгекке қарсы препараттарды қолдану тиімді әсер етуде. Дәл осы емдеу тәсілі Өзбекстанда қолданылуда, - деді AБКA-да өткен брифингте.

Бүгінге дейін республика бойынша 100 мыңнан астам азаматтар карантиндік бақылауға алынған. Елдегі науқастар санының артуына байланысты карантиндік бақылауды күшейту мақсатында бүгіннен велосипед және мото транспорттың қозғалысы Ташкент пен Нүкіс қаласында шектелді. Көшедегі жәйау жүргіншілер арадағы екі метрлік қашықтықты сақтау мәжбүрленіп, дене қызуы 37 градустан жоғары болған азаматтар базар аймағына кіруіне тыйым салынды.

Соңғы дерекке сай Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 397 кісіге жеткен.

1 990
ӨзА