ӨзА Қазақ

03.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирустан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Өзбекстанда коронавирустан қаза тапқандар саны 16-ға жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 2 маусын күні Ташкенттегі вирусология ғылыми-зерттеу институты клиникасына коронавирус індетімен ауырып жатқызылған науқас бүгін бас миядағы қан айналымының бұзылуы салдарынан қайтыс болған.

72 жастағы Ташкенттік тұрғын көп жылдар бойы жүректің ишемиялық ауруы, стенокардия, гипертония, 2 типті қант диабеті диагнозымен ауырып, 2000 және 2019 жылдары екі рет миокард инфарктін бастан өткізген.

Ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі науқастың бір күндік жағдайын емдеуге елдегі медициналық мекеме мамандарының бақылауында болып, белгіленген стандарттарға сәйкес жүргізген реанимациялық емдеу әдістемелеріне қарамай, науқас жасанды тыныс алу аппаратында өкпе-жүрек жеткіліксіздігі және бас миядағы қан айналымының бұзылуы салдарынан қайтыс болды, делінген министрлік хабарында.

Өкінішке орай бүгінге дейін елдегі короравирустан қаза болғандар саны 16-ға жетті. Қазіргі уақытта вирус расталған 3843 жағдай тіркеліп, оның 3014 сауығып шыққан. Ал ауруханада 813 науқас дарігерлер бақылауында.