ӨзА Қазақ

19.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 18 адамға жетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 18 адамға жетті

Ең алғашқы Өзбекстан аумағына коронавирустың кіріп келу дерегі Франциядан келген әйел азаматтан анықталған болып, ол күйеуі, екі баласы, небересі мен бір тусықанынан басқа тағы үш адамға жұқтырғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті мәліметінше Париж-Ташкент бағытында 11 наурыз күні ұшып келген өзбекстандық әйел дәрігердің анасы, келіні және бірге жұмыс істейтін әріптесінде осы індеттің белгілері бар екені анықталған. Аталған осы науқастар бұл уақытқа дейін карантиндік бақылауда болған.

Өзбекстанда жалпы коронавирус індетін жұқтырғандар саны 18 адамға жетті. Ең алғаш ел аумағында вирустың дерегі анықталған науқас жоғарыда айтлған азамат болып, ол бүгінге дейін сегіз туысқанына осы дертті жұқтырған.

Өзбекстанға коронавирустың кіріп келу жағдайы халықаралық әуе бағыттарындағы төрт рейс арқылы орын алған:

Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (9 адам)

Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген (3 адам)

Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (5 адам)

Төртінші – 17 наурызда Дубай - Ташкент рейсі арқылы (1 адам)

1 503
ӨзА