ӨзА Қазақ

07.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавируске байланысты бақылауға алынғандар саны 724-ке жетті

Өзбекстанда коронавируске байланысты бақылауға алынғандар саны 724-ке жетті

Қытайда тараған коронавирусқа байланысты сол аймақтан Өзбекстан аумағына келіп карантиндік ортаға орналасқан азаматтар саны 724-ке жеткен.

Санитарлық-эпидемиологиялық агенттігі қасынан ашылған коронавирусқа қарсы эпидемияның орталық штабы хабарлауынша, 4-6 ақпан аралығында Қытайдың Бейжің қаласының екі орталығынан және коронавирустың қайнар ошағы Ухань қаласынан арнайы үш чартерлік рейсте 584 Өзбекстан азаматтары алып келінген. Қазірде бұл азаматтардың барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша арнайы дайындалған мекемелерге орналастырылған және 14 күн бойы медициналық бақылауда (аурудың жасырын кезеңінде) болады. онда азаматтар үшін арнайы жасалған нысандарда барлық жағдай жасалған.

Жалпы Қытайдан келген 2912 азаматты эпидемиялық бақылаудан өткізген, олар арасынан 2188-і аурудың жасырын мерзімінен толық төтіп тексеру нәтижелері бойынша олардан коронавирустың белгілері анықталмаған.

5 941
ӨзА