ӨзА Қазақ

29.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,2 мыңнан асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8,2 мыңнан асты

Өзбекстанда бүгін 29 маусым тәулік бойы 167 азамат аурудан сауыққан және 274 кісі вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 8222-ге жетіп, олардан 5496 жан сауығып шыққан болса, бүгінге дейін аурудан 24 кісі қайтыс болған.

Соңғы екі тәулікте төрт өлім жағдайы тіркеліп, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар күн өткен сайын тағыда артып келеді. Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 2702 науқас індетпен күресуде, олар арасында 19 азаматтың жағдайы ауыр, 6 өте ауыр хәлде.

1 852
ӨзА