ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6,9 мыңнан асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6,9 мыңнан асты

Бүгін Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны бойынша жаңа рекорд тіркелді.

24 маусым тәулік бойы республика аумағындағы 239 коронавирус жұқтырғандар анықталып, жалпы науқас болған азаматтар саны 6901 кісіге жетті.

ДСМ-нің кешкі қорытынды хабарына сай бүгін 125 азамат аурудан сауығып шығып, олардың қатары 4685-ке жеткені айтылады. 15 наурыздан қазірге дейін індеттен көз жұмғандар саны 19 құрауда.

Қазіргі уақытта ауруханада 2197 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 14 азаматтың жағдайы ауыр, екендігі айтылады.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда ең көп күндік ауруға шалдыққандар 7 маусымда тіркелген еді, сонда тәулік бойы 237 кісі індет жұқтырғаны белгілі болған.

1 905
ӨзА