ӨзА Қазақ

09.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4448 кісіге жетті

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 4448 кісіге жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің 9 маусым таңғы хабарына сай Өзбекстанда тағы 8 кісіде коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар 4448-ге жеткен.

Бүгінгі жаңадан індет жұқтырғандардың барлығы Ташкент қаласында тіркелген. Қазіргі уақытқа дейін 3357 азамат вирустан емделіп шыққан. Ал 18 кісі қайтыс болды.

Республика аумағындағы ауруханаларда қазіргі кезде 1073 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олар арасында 8 науқастың жағдайы ауыр, оның 1 өте ауыр халде.

2 657
ӨзА