ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3700-ден асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3700-ден асты

ДСМ-нің 1 маусым күнгі кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша тәулік бойы Өзбекстанда 79 кісіде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

15 март күні осы індеттен алғашқы науқас Ташкентте тіркелгелі арадан екі жарым ай өтіп аурулар саны 3702 адамда расталған. Қазіргі кезде олардың 2859 сауығып шыққан болса, 15 жан вирустан қаза тапты.

Соңғы күндердегі статистикаға сәйкес ел аумағында індеттен сауығып жатқандарға қарағанда вирус жұқтырғандар саны артып келеді.

Бүгінде республикалық аумағындағы ауруханаларда 828 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олар арасында 8 науқастың жағдайы ауыр, оның 1 өте ауыр халде.

2 612
ӨзА