ӨзА Қазақ

22.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңнан асты

22 мамыр күнгі таң ертеңгі ақпаратқа сай республика бойынша жаңа 39 вирустану жағдайы тіркелгені белгілі болды.

ДСМ-нің хабарлауынша ел аумағында бүгінге дейін коронавирус расталған азаматар саны 3006 кісіге жеткен. Жаңадан науқастану белгілері анықталған 6 азамат шетелден келген болып, 5 карантиндегі жағдайда жұқтырған. Қалғандарының барлығы халық арасында жұқтырғандар (олардың 13 Самарқандтан, 15 Науаиыдан). Қазіргі уақытта бұл науқастармен байланыста болған барлық азаматтар белгіленген тәртіпте карантиндік бақылауға алынған.

Бүгінге дейін Өзбекстанда 2407 жан аурудан сауыққан болып, 13 кісі вирустан қаза тапты. Ауруханада 586 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда, олардың арасында 4 азаматтың жағдайы ауыр. 

1 964
ӨзА