ӨзА Қазақ

10.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты

Өзбекстанда 10 шілдеге келіп коронавирус жұқтырғандар саны 12 мыңнан асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі кешкі қорытынды хабарына сай тәулік бойы ел аумағында COVID-19 індетін жұқтырған 463 кісі тіркелген және аурудан 243 азамат сауығып 3 науқас көз жұмғаны айтылған.

Соңғы мәлімет бойынша қазірде Өзбекстанда 12 027 кісіде індет расталған, одан 7530 емделіп шыққан болса, 54 өлім жағдайы орын алған.

Қазіргі уақытта республикалық ауруханаларда 4443 науқас індетпен күресуде, олар арасында 43 азаматтың жағдайы ауыр, 10 өте ауыр хәлде.

2 491
ӨзА