ӨзА Қазақ

14.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1000 кісіден асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 1000 кісіден асты

13 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен Өзбекстанда індет жұқтырғандығы анықталған науқастар саны 998 кісіге жеткен еді.

Бүгін 14 сәуір таңғы сағат 10:00 жағдайы бойынша республикада тағы коронавирус жұқтыртған 56 жағдай тіркеліп, жалпы науқастар саны 1054 кісіге жетті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өзбекстанда алғашқы COVID-19 вирусы тіркелген күннен бастап 100 мыңнан астам адамға тест сынамалық жасалған және карантин басталғалы тәртіптің күшейтілгеніне қарамай бүгінге дейін 42 мыңнан астам азамат тәртіп бұзғандығы тіркелді. 85 науқас аурудан сауығып, 4 кісі көз жұмған.

1 641
ӨзА