ӨзА Қазақ

28.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асып, тағы бір науқастың өлімі тіркелді

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 100-ден асып, тағы бір науқастың өлімі тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 16 адамға көбейген. Сонымен қатар тағы бір науқастың (ер адамның) өлімі тіркелген.

28 наурыздағы соңғы дерек бойынша республикада жалпы COVID -19 індетін жұқтырғандар саны 104 кісіге жеткен. Кейінгі 16 вирус жұқтырған науқастың 6-сы 26 наурызда Мәскеуден арнайы рейс арқылы келгендерден анықталса, тағы 7-і сол күні Стамбулдан чартерлік рейсте ұшып келген азаматтар арасынан екені белгілі болды. Қалған үш науқас бұған дейін ауру жандармен байланыста болған кісілер қатарынан. 

Бұған дейін медсараптамасында коронавирус індеті анықталған, ұзақ жылдар бойына қант диабеті, созылмалы және басқа да аурулармен емделіп келген намангандық 72 жасар азамат миокард инфарктісінен қайтыс болған еді.

1 919
ӨзА