ӨзА Қазақ

04.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар арасында 60 жастан асқандар 10 пайызға жетпейді

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар арасында 60 жастан асқандар 10 пайызға жетпейді

15 наурызда республика аумағында алғашқы COVID-19 індеті тіркелген болып, бүгінгі соңғы дерекке сай науқастар саны 266-ға жетті. 25 жан аурудан жазылып, екі кісі қаза болды.

Өзбекстанда коронавирустан жапа шеккендер қатарында 60 жастан асқан азаматтар 10 пайызда шықпайды екен. ДСМ-нің бүгінгі науқастар туралы ашық ақпарат жариялауына орай онда 120-дан астамы ер азаматтар 143 әйелдер болса, 14-і жасөспірімдер екені белгілі болды. Ел аумағына бұл аурудың тарауы 72 шетелден келген азаматтар арқылы орын алған болып, қалған 160-тан астамы осы кісілермен байланыста болу арқылы жұқтырған. 

COVID-19 індетін жұқтырғандардың жас мөлшері:

0-9 жастағылар арасында - 8 адам
10-19 жаста - 10 адам
20-29 жаста - 51 адам
30-39 жаста - 63 адам
40-49 жаста - 73 адам
50-59 жаста - 40 адам
60-69 жаста - 13 адам
70-79 жаста - 5 адам тіркелгенлігі белгілі болды.

1 910
ӨзА