ӨзА Қазақ

11.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 767 кісіге жетіп, тағы бір азамат көз жұмды

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 767 кісіге жетіп, тағы бір азамат көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда 11 сәуір кешкі сағат 23:00 уақытымен науқастар саны жалпы тәулік бойы 98-ге көбейіп 767 кісіні құраған.

Бұл жағдай 15 наурыздан кейінгі мерзімдегі науқастар саны ең көп тіркелген екінші көрсеткіш болды. Алғашқы орында 6 сәуір күні анықталған болып, онда 115 кісі бір күнде ауру жұқтырғаны белгілі болған.

Сонымен қатар 12 күн қатарынан жасанды тыныс алу апаратында емдеу стандарттарына сәйкес вирусқа қарсы барлық тәсілдер қолданылуына қарамай Ферғаналық 59 жасар азамат, қайтыс болды.

Қазіргі уақытқа келіп Өзбекстанда жалпы індеттен жапа шеккендер саны 767-ге жетіп, 42 кісі емделіп шыққан және 4 азамат аурудан көз жұмған.

Еске сала кетсек, Өзбекстан аумағында вирус 15 наурызда тіркелген болып ол Парижден 11 наурызда ұшып келген дәрігер әйелден анықталған еді. Жалпы ел аумағына бұл вирустың кіріп келу процесі халықаралық 8 әуе бағытында шетелден келген 72 азамат арқылы көбейген. Олар Париж, Стамбул, Лондон, Дубай қалаларынан және Сауд Арабиясы, Ресей, Қырғызстан, Швейцария елдерінен оралғандар.

1 914
ӨзА