ӨзА Қазақ

06.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 4000-нан асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 4000-нан асты

Денсаулық сақтау министрлігінің 6 маусым күнгі кешкі қорытынды жаңалықтары бойынша тәулік бойы Өзбекстанда 87 кісіде коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, жалпы індет расталғандар 4094-ке жеткен.

5 маусымда 160 науқас емделіп шығып рекордты жағдай тіркелген еді. Бірақ бүгін 21 азаматтың сауыққаны айтылған. Қазірге дейін 17 азамат індеттен көз жұмған.

Бүгінде республикалық ауруханаларда 809 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда. Олар арасында 10 науқастың жағдайы ауыр, оның 3 өте ауыр халде.

2 581
ӨзА