ӨзА Қазақ

21.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 37-ге жетті. Той-жиындар мен тамақтану орталықтары жабылды

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 37-ге жетті. Той-жиындар мен тамақтану орталықтары жабылды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жандар саны 37 адамға жеткен. Соңғы төрт вирус жұқтырған азаматтардың ауруды қалай және кіммен байланыста болып осы індетке шалдыққаны жайлы ақпарат айтылмаған.

20 наурыз күні Өзбекстанда індет жұқтырған аурулар саны 10 кісіге көбейіп 33-ке жеткен еді. Алайда ДСМ олар жайлы толық мәліметпен бөліспей осыған дейінгі коронавирус жұқтырған жандардың туысқаны деп қысқа қайырды және олардан бірін шетелден келген азамат екені жайлы айтқан.

Қазіргі уақытта алғашқы вирус жұқтырған жандар аурудан айығып келеді, ал 20 наурызда ауруы анықталған науқастардың жағдайы біршама қиындау деп мәлімдеген Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің директоры Бахром Алматов.

Осындай жағдайлардың орын алуына және елде коронавирус тарауының алдын алу мақсатында 23 наурыздан бастап той-жиындары, отбасылық мерекелер мен рәсімдер сияқты көпшілік жиналатын шаралар тоқтатылады. Ал 21 наурыздан бастап ел аумағынағы барлық түнгі клубтар, диско барлар, массажды салондар, караоке, биллиярд, калян орталықтары мен, кафе, ресторан, компютерлік ойын клубтары толықтай өз жұмысын мемлекеттегі эпидемиялық ахуал оңалғанға дейін тоқтатады.

Егерде аса қажеттілік болған жағдайда жанұялық шаралар ықшамды түрде 10-15 кісі қатысуында өткізуге рұқсат етілген. 

1 440
ӨзА