ӨзА Қазақ

15.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 1300-ден асты

Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 1300-ден асты

Бүгін 15 сәуірде тәулік бойы республикада 137 вирус жұқтырғандық жағдайы тіркеліп, күндік анықталған ең жоғары көрсеткіш болды.

«Кoronavirus Іnfo» Өзбекстандағы ресми ақпараттық арнасының хабарлауынша 2020 жыл сағат 23:00 уақытымен республикада бір тәулікте вирус жұқтырғандық 137 жағдай расталып, жалпы ел аумағындағы науқастар саны 1302 кісіге жетті, деген.

Сондай-ақ аурудан сауыққандар қатары 8 кісіге көбейіп, 107-ге жектен. 4 кісі індеттен көз жұмған.

Бүгін 15 сәуір Өзбекстанда COVID-19 коронавирусының анықталғанына толық бір ай өтті. Ең алғаш 11 наурыз күні Парижден Ташкентке саяхаттан қайтып оралған дәрігер әйелдің сараптамасынан коронавирус инфекциясы 15 наурызда тіркелген болып, сол кезде ол өзінен бөлек отбасындағы жандардан тыс жұмыстағы әріптестері мен қосқанда 15-тен астам адамға вирус жұқтырғандығы анықталған еді.

Негізгі Өзбекстан аумағына осы індеттің кіріп келуі халықаралық 8 рейс арқылы 72 азаматтардан тараған. Олар Париж, Стамбул, Лондон, Дубай қалаларынан және Сауд Арабиясы, Ресей, Қырғызстан, Швейцария елдерінен оралғандар. Қалған вирус жұқтырған жандар ауру кісілер мен байланыста болған.

1 695
ӨзА