ӨзА Қазақ

17.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жандар саны 10 адамға жетті

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жандар саны 10 адамға жетті

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаменті хабарлауынша, Өзбекстанда бүгін тағы екі азаматта коронавирус инфекциясы анықталған.

Осы науқастың бірі 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы «Uzbekistаn Airways» әуе компаниясына тиесілі 274-рейспен ұшып келген, коронавирус індетін жұқтырған Өзбекстан азаматының жұбайы екені анықталды. Екінші азаматтада осы жағдай тіркелген.

Қазіргі уақтта Өзбекстанда жалпы вирус жұқтырғандар саны 10 адамға жетті.

Өзбекстан аумағына коронавирус үш халықаралық әуе рейстері арқылы кіріп келген:

Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (6 адам)

 Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген бір азамат.

 Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (3 адам)

2 075
ӨзА