ӨзА Қазақ

20.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 33 адамға жетті

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 33 адамға жетті

Денсаулық сақтау комитетінің соңғы хабарынша Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған жандармен жақын байланыста болған туысқан 9 азаматтың медициналық сараптамасынан вирустың белгілері анықталған.

Хабарда, соңғы тоғыз коронавирус анықталған азаматтың қай кіслерге жақын туысқан екені айтылмаған. Қазіргі уақытта Өзбекстанда жалпы коронавирус індетін жұқтырғандар саны 33 адамға жетті.

Ең алғаш ел аумағына осы індеттің кіріп келу жағдайы Франциядан келген өзбекстандық дәрігер әйелден бастау алып, ол өзінен бөлек 11 туысқан және әріптесіне жұқтырған болатын. Ал індеттің ел ішінде көбейуі мен басқа жандарға жұғу салдары халықаралық төрт рейс арқылы келген азаматтардан тараған.

Бірінші - 11 наурыз Париж-Ташкент рейсі арқылы ұшып келген өзбекстандық дәрігер әйел. Ол өз жанұясындағы күйеуі, ұлы, қызы, небересі мен бір туысқанына ауру жұқтырған (12 адам)

Екінші – 14 наурыз күні Лондон-Ташкент бағытындағы 201-рейсте келген (4 адам)

Үшінші – 15 наурызда таңғы сағат 05:15те Стамбул-Ташкент бағытындағы 274-рейсте (6 адам)

Төртінші – 17 наурызда Дубай - Ташкент рейсі арқылы (1 адам)

2 742
ӨзА