ӨзА Қазақ

21.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар 41-ге жетті

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар 41-ге жетті

Бұған дейін COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 37 жанға жеткенін хабарлаған болатынбыз. Өкінішке орай олардың саны тағы төрт кісіге көбейген.

Осы ауру жұқтырғандар медициналық карантиндік бақылауда болған жандардың сараптамасынан анықталған болып, қазіргі уақытт ажалпы ел осы індетті жұқырғандар 41 адамға жетті. 

Бүгін Өзбекстан аумағында карантиндік бақылауда болған азамат осы ортадан қашып шығып өз үйінде қолға түскен. Ол 19 наурыз күні Ресейдің Самара қаласынан келген болып, Самарқандта карантинге жатқызылған еді. 1954 жылда туған Ташкент облысы Паркент ауданында жасаушы тұрғын сұрастыру нәтижесінде өз үйінде табылған және қауіпсіздік шарасынан келіп шығып оны өз үйінде бақылауға алынған.

Заңға сәйкес эпидемия тәртібін бұзған азаматтарға белгіленген жаза түрі, егер осы жағдай салдарынан ауру басқа жандарға жұғатын болса 11 150000 сумнан 22 300000 мыңға дейін айыппұл салынуы немесе 5 жыл мерзімге белгілі бір құқықтан айыру және екі жылға түзеу жұмыстары мен 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Алайда бұл жағдай адам өліміне себеп болса 2 жылдан 3 жылға дейін түзеу жұмфстары мен 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілетін болады. 

1 467
ӨзА