ӨзА Қазақ

28.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес күшейтілген

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес күшейтілген

Өткен жылдың желтоқсан айы соңында Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар ет базарынан тараған коронавирустың жаңа түрі бүгінге келіп 40-тан астам ел аумағында 90 мыңға жуық адамға жұқты және 2800-ден астам жанның өмірін қиды.

Жер бетіндегі тіршілік атаулыға қауіп төндірген бұл індетпен күрес қазір әлемнің барлық елінде белең алуда. Солар қатарында Өзбекстанда да қауіпсіздікті күшейту шаралары мен арнайы бақылау эпидемиялық жұмыстары жүргізілуде. Президенттің арнайы тапсырмасымен құрылған коммисия 15 қаңтардан бастап 26 ақпан күнгі кезең аралығында Қытайдан келген 5022 азамат тіркеліп олардың 14 күн карантиндік күзеті нәтижесінде коронавирустың дерті анықталмаған.

Күні кеше қапуіпсіздікті күшейту мақсатында Денсаулық сақтау министрі Алишер Шадмоновтың төрағалығымен жиын өтіп, ел аумағындағы бақылау процесі жайлы және шекарадағы тексерісті халықаралық талап деңгейінде жүргізу мен бірге осы тексерістерді жүргізер мамандарды жеке қорғаныс құралдарының, медициналық жабдықтардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың қоры жасалу мен Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік агенттігінің жанынан тәулік бойы қызмет көрсетуші штаб құрылды және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен берік серіктестік орнатылды.


4 303
ӨзА