ӨзА Қазақ

26.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда карантинге алынған азаматтар саны 63 мыңнан асты

Өзбекстанда карантинге алынған азаматтар саны 63 мыңнан асты

26 наурыздағы жағдай бойынша Өзбекстандағы коронавирустық пандемияға байланысты соңғы деректерге сай республика аумағында жалпы 63 853 адам карантиндік бақылауға алынғаны жөнінде ақпатар тарады. Олардың 50 100-і үй жағдайында медициналық бақылауда болса, тағы 13 753-і медициналық мекемелерде жайғасқан.

Қазіргі уақытта Ташкентте 5 393 адам карантиндік бақылауға алынған. Оның 2 704 үйде, 2689 науқас медициналық мекемелерде.

Ташкент облысында барлығы 6192 адам карантинде жатыр. Оның 3 873-і үй жағдайында, 2319 медициналық мекемеде.

Сырдарияда карантинге жатқызылған адамдардың саны 4128 адамды құрады, оның 3132 үйде және 996 медициналық мекемелерде.

Жыззақта карантинге жатқызылған адамдардың саны 2011 кісі. Аймақтағы жағдай біраз тұрақты. Сондықтан, карантинге жатқызылғандардың 1992 үй жағдайында, 19 кісі медициналық мекемеде.

Самарқанд облысында 15 454 адамға карантинге алынған. Олардың 13 768 үйде, ал қалған 1 686 медициналық мекемеде.

Науаиыда 2970 адам карантинде. Оның 2640-ы үйде болса, 330-ы медициналық мекемеде.

Бұхара облысында 3140 адам карантинде. Оның 2222-і үйде, 912-і медициналық мекемеде.

Ферғана облысында 8054 адамға карантин жарияланған. Олардың 7 342-і үй жағдайында, ал қалған 712 азамат медициналық мекемеде.

Наманганда 1854 адамға карантинге жатқызылған. Оның 1055-і үйде, 799-ы медициналық мекемеде.

Әндіжанда 2182 адам карантинде. Оның 604-і үйде, ал қалған 1578-і медициналық мекемеде.

Қашқадарияда 5518 адамға карантинге алынып, олардың 4984-і үй жағдайында бақылауда. 534-і медициналық мекемеде.

Ең төменгі көрсеткіш Сурхандарияда тіркелді. Облыста 1074 адам карантинде. Оның 1034-і үйде, 40 шақтысы ғана медициналық мекемеде.

Хорезм облысында 2858 адам. Оның 2 276 үйде, 582-і медициналық мекемеде.

Қарақалпақстан Республикасында 3025 адам карантинге алынды. Олардың 2 468-і үйде, ал қалған 557-сі медициналық мекемеде.

2 049
ӨзА