ӨзА Қазақ

30.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда карантин кезінде той жиындарын өткізуге рұқсат етілді

Өзбекстанда карантин кезінде той жиындарын өткізуге рұқсат етілді

Өзбекстан аумағына коронавирустың жаңа түрі кіріп келуі мен оның тарауына байланысты Республикалық арнайы комиссияның шешімімен карантин талаптары 15 маусымға дейін ұзартылды.

Карантиндік мерзімнің созылуына байланысты республикадағы «қызыл», «сары», «жасыл» сынды категориялы аймақтарға бөлінген аумақтық тәртібі түрліше тәртіпке салынған болып, онда ең қауіпсіз деп табылған «жасыл» деңгейлі аумақтарда той жиындары мен түрлі мерекелік шаралар өткізуге рұқсат етілген.

Осы жағдайға орай той жиындары мен отбасылық шаралар 30 кісіден аспайтын (тек жақын туыстары мен сол ауданда тұратын басқа туысқандар) және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң түрде сақтаумен өткізуге рұқсат берілген. Өз кезегінде түрлі рәсімдер мен шаралар өткізу тәртібін бұзған азаматтар індетке қарсы күрес ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескерту қосымша ретінде көрсетіген.



3 221
ӨзА