ӨзА Қазақ

12.06.2019 14:27 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда Инвесторлар одағы құрылды

Өзбекстанда Инвесторлар одағы құрылды

Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Мемлекеттік қызметтер агенттігі тарапынан биылғы жыл 10 маусым күні Өзбекстан Республикасы Инвесторлар одағы тізімге енгізілді.

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2019 жылдың 17 қаңтарындағы жарлығына сай 2017-2021 жылдарда Өзбекстан Республикасыны оркендетуге арналған бес дәйекті бастама бойынша Әрекеттер стратегиясыны “тиімді инвестициялар және әлеуметтік даму жылында” жүзеге асыруға байланысты Мемлекеттік бағдарламада экономиканы нығайту және тиімді инвестициялар тартудың дәйекті жобалары белгіленген.

Жаңадан құрылған одақтың негізгі мақсаты елде инвестициялық орта жарату үшін қолайлы жағдайлар жасау, шетелдік және жергілікті инвесторларды әр жақтама қолдап-қуаттаудан тұрады. Негізгі міндеттері, республика көлемінде шетелден инвестиция тартуда, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлік субьекттеріне шетелдік компаниялармен байланыс орнатуға және сыртқы серіктес табуда көмектесу.

Одақтың басшысы етіп Британияның Шеффилд университетінің ттүлегі М. Мұхитдиновтың тағайындалды. Ол қазіргі күнге дейін Өзбекстан Республикасының Туризмді дамыту мемлекеттік комитетінің Инвестицияларды тарту басқармасы басшысы орнында жұмыс атқарған болатын. 

ӨзА
3 301