ӨзА Қазақ

11.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда демалыс күндері көшеде әрекеттенуге тыйым салынды

Өзбекстанда демалыс күндері көшеде әрекеттенуге тыйым салынды

Республикалық арнайы комиссияның шешімімен 10 шілдеден бастап 1 тамызға дейін карантиндік талаптар қатаң күншейтілген режимде бақылауға алынғанына орай бірқатар шектеулер енгізілді.

Онда:
  • Шаштараз бен сұлулық салондары жабылады;
  • Ішкі рейстер мен теміржол қызметі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдарға «өзін оқшаулау» өмір салтын ұстануға және себепсіз үйден шықпауға кеңес беріледі.
Сонымен қатар алдағы демалыс күндері 18-19 және 25-26 шілдеде (сенбі-жексенбі) тәулік бойы көлік құралдары, оның ішінде белгілі бағытсыз қызмет етуші таксилердің қозғалысы да тоқтатылады.

Бұл шектеу арнайы рұқсат (жапсырмалар) негізінде қозғалатын көлік құралдарына және Республикалық арнайы комиссияның 8 шілдедегі қаулысына сай Автокөлік құралдарының қозғалысына арнайы рұқсат талап етілмеген жағдайларға қолданылмайды.

2 442
ӨзА