ӨзА Қазақ

31.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда COVID-19 індетінен тағы бір науқас қаза тапты

Өзбекстанда COVID-19 індетінен тағы бір науқас қаза тапты

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 31 мамырда Ташкентте індет жұқтырған 63 жастағы әйел азамат өкпе жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды. Елдегі індеттен жалпы өлім расталған жағдайы 15-ке жетті.

1957 жылда туған Ташкенттік 63 жастағы тұрғында 30 мамыр күні COVID-19 індеті анықталып қалалық медицина академиясының көпсалалы клиникасына жатқызылған. Науқас осы жылдың қаңтар айында бас миядағы қан айналымының бұзылуы (цереброваскулярлық ауру) диагнозымен емделген. Ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі жағдайда науқастың күнделікті жағдайы елдегі медициналық мекемелер мамандарының бақылауында болып, үнемі консультациялар өткізген. Белгіленген стандарттарға сәйкес неврологтар, кардиологтар, вирусологтар, пульмонологтар, реаниматологтар жүргізген реанимациялық процедураларға қарамай, науқас жедел бас миядағы қан айналымының бұзылуы салдарынан, өкпе-жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды, делінген министрлік хабарында.

Өзбекстанда бұған дейінгі COVID-19 індетінен өлім жағдаы 26 мамырда Самарқандта тіркелген еді.

31 мамыр күнгі сағат 17:30 уақытымен республикада коронавирус жұқтырғандық 3583 жағдайы анықталып, олардан 2 837 кісі сауыққан. Қазірде 731 науқас ауруханаларда емделуде, олардың 9-ның жағдайы ауыр.

2 295
ӨзА