ӨзА Қазақ

14.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда бүгін 300-ге жуық азамат аурудан жазылды

Өзбекстанда бүгін 300-ге жуық азамат аурудан жазылды

Өзбекстанда 14 шілде күні 297 науқас аурудан сауығып, күндік жаңа жоғары көрсеткіш тіркелді және жалпы отбасына аман оралғандар қатары 8327-ге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарауынша бүгін республикада жалпы 494 азаматтан covid-19 індеті анықталған және 4 кісі қайтыс болған.

Қазірде елдегі коронавирус расталған жағдай 14 085-ке жетіп, бүгінге дейін 67 науқас індет кесірінен ажал құшқан.

Соңғы мәліметке сай республикалық ауруханаларда 5691 науқас індетпен күресуде, олар арасында 52 азаматтың жағдайы ауыр, 6 жанның халі өте ауыр делінген министрлік хабарында.

2 371
ӨзА