ӨзА Қазақ

08.05.2019 12:32 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда қанша адам зейнетақы мен әлеуметтік көмек алады?

Өзбекстанда қанша адам зейнетақы мен әлеуметтік көмек алады?

Биылғы жылдың 1 сәуір жағдайы бойынша Өзбекстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 3 млн 542 мың 463 адамды немесе халықтың жалпы санының 10,7% -ын құрайды.

Бұл жайында Қаржы министрлігінің жанындағы бюджеттік емес Зейнетақы қорының баспасөз қызметі ӨзАға хабарлады.

Жалғыз басты қарттар, мүгедектігі бар жандар, қамқоршысы болмаған жанұялар үшін Қаржы министрлігінің жанындағы бюджеттік емес Зейнетақы қорының облыстық (қалалық) бөлімшелері тарапынан Өзбекстан Республикасының «Азаматтарды мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» заңына сәйкес 2011 жылғы 7 сәуірдегі Министрлер Кабинетінің жарлығымен әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақылар тағайындалады және оны төлеу үшін қаржыландырылады. 

Республика бойынша жас мөлшеріндегі зейнетақы алушылар 2 миллион 656 мың 396 кісіні құрайды. Мүгедектік бойынша зейнетақы алушылар саны 374 мың 999 кісіні құраса, қамқоршысы болмаған жанұялар 175 мың 907 кісі болып, әлеуметтік көмек алушылар саны 335 мың 161 кісі тіркелген. 

ӨзА
7 551