ӨзА Қазақ

02.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына тыйым салынды

Өзбекстанда 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуына тыйым салынды

Бүгіннен бастап, яғни 2020 жыл 2 сәуір күні сағат тілі 09:00 ден Өзбекстан аумағында 65 жастан асқан азаматтардың өз үйінен сыртқа шығуына тыйым салынды.

Бұл жағдай ел аумағында карантиндік кезең жарияланғандығына орай және мемлекетте коронавирустың тарауына қарсы күрес шараларының күшейтілген режиміне көшкендігіне байланысты болып, сондай-ақ әлемдік статистикаға сүйене тұрып осы індеттен көз жұмған жандардың басым бөлігі 65 жастан жоғары екендіктері ескеріле осы жастағы азаматтардың үйден себепсіз (дәріге немесе азық-түлік қажеттіліктерге болмаса) шығуына тыйым салынды, деп айтты ӨР-ның Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау инспекциясының басшысы, республиканың бас мемлекеттік санитарлық инспекторы Нурмат Отабеков.

Қазіргі уақытта коронавируспен ауырған азаматтар саны тағы 9 азаматқа көбейіп 190 кісге жетті. Олардың 5 жағдайы ауры халде. Тағы 10 жуық арада сауығып шығар алдында тұр. 

2 111
ӨзА