ӨзА Қазақ

08.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда 50 мыңға жуық кісіге ресми азаматтық мәртебесі берілуі мүмкін

Өзбекстанда 50 мыңға жуық кісіге ресми азаматтық мәртебесі берілуі мүмкін

Бұл жағдай ерекше тәртіппен - Өзбекстан Президентінің бастамасымен берілетін болады.

Кеше бұқаралық ақпараттық коммуникациялар агенттігінде болған баспасөз маслихатында ІІМ Көші-қон және азаматтықты тіркеу бөлімі басшысының бірінші орынбасары Нодир Зияевтің айтуынша «Ішкі істер министрлігі дайындаған «Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» заң жобасының жаңа нұсқасында көптеген жеңілдіктер қарастырылғаны жайында айтты.

Бұл заң жобасында, «Тұру куәлігі», «тексеру парағы», «шет мемлекет азаматы» және «азаматтығы жоқ тұлға» сынды ұғымдарға түсініктемелер берілген болып, онда Өзбекстан азаматтығына қабылдаудың мына түрлері қарастырылған:

-Жалпы - Өзбекстан аумағында бес жыл тұрақты тұрған шетелдік азаматтарға (егер олар шет мемлекеттің азаматтығынан шыққан болса), сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар азаматтығы жоқ адамдарға беріледі;

- Жеңілдетілген тәртіпте - шет мемлекеттің азаматтарына немесе азаматтығы жоқ болған Отандастарға беріледі;

-Өзбекстан Республикасында 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін тұрақты тіркеуден өткен, шетелдің азаматтығын алмаған және азаматтығы жоқ деген куәлігіне ие болған ықтиархаты танылды;

-Туған жеріне немесе ата-анасының азаматтығы бойынша шет мемлекеттердің азаматы болып табылатын балалар Өзбекстан азаматтығына қабылданады;

-Азаматтыққа қабылдаудың міндетті шарты ретінде мемлекеттік тілді жетік білу қажет болады;

Жоғарыда айтылған «Өзбекстан Республикасының азаматтығы туралы» заңда 8 бөлім және 45 баптан тұрған болса, ұсынылған заң жобасы бойынша 9 тарау мен 60 баптан тұрады. Атаулы заң жобасы Өзбекстан Республикасы тарапынан жасалып жатқан маңызды қадам болып азаматтығы жоқтықты азайту ретінде БҰҰ-ның босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссары жағынын жоғары бағаланған. 

Қазіргі уақытта Өзбекстанда жалпы 95 857 азаматтығы болмаған тұлғалар өмір сүріп келеді. 

2 420
ӨзА