ӨзА Қазақ

26.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанда 14-ші азамат коронавирустан көз жұмды

Өзбекстанда 14-ші азамат коронавирустан көз жұмды

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 19 мамырда облыстық көпсалалы медициналық орталыққа жағдайы ауыр халде түскен 63 жасар Самарқандтық азамат бүгін коронавирустан қайтыс болды. Елдегі індеттен жалпы өлім расталған жағдайы 14-ке жетті.

Ауруханаға түскен кездегі тексеріс нәтижесінде науқас Covid-19 инфекциясына шалдыққандығы анықталған. Ол 3 жылдан беріге 1 топтағы мүгедектер қатарында болған азамат. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі және ауыр анемия диагнозымен диспансерлік бақылауда болған және 2017 жылдан бастап ол тұрақты гемодиализ емін қабылдап келген.

Науқастың жағдайы 25 мамырда нашарлап мұрыннан және іштен қан кетуі белгілері пайда болып бірден реанимация бөліміне алынған. Алайда, науқастақ жансақтау бөлімінде белгілеген стандарттарға сай көмек көрсетілгенмен жасанды тыныс алу аппаратына ұланған науқас жүрек қан-тамыры және жедел тыныс жетіспеушілігінен қайтыс болған, делінген хабарда.

Бүгін республикада тәулік бойы 74 жаңа вирустану жағдайы тіркеліп, 29 жан аурудан сауыққан. Жалпы Covid-19 індетін жұқтырғандар саны 3290-ға жетті. Ал одан сауыққан 2624 кісі ауруханадан шыққан болса, өкінішке орай 14 науқса осы дерттен көз жұмған.

Қазіргі уақытта елдегі 7 облыстық ауруханаларда 640 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.

2 286
ӨзА