ӨзА Қазақ

01.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Қырғызстан мен Ауғаныстанға гуманитарлық көмек жіберді

Өзбекстан Қырғызстан мен Ауғаныстанға гуманитарлық көмек жіберді

Президент Шавкат Мирзияевтың бастамасымен көрші Қырғыз елі мен Ауғанстан мемлекетіне қазіргі күнгі ең күрделі болған коронавирустық аурудың алдын алуға көмектесу мақсатында гуманитарлық көмек жіберілді.

1 сәуір күні азық-түлік, медициналық қажетті заттар және трикотажды өнімдер артылған поезд Ауғанстан Ислам Республикасына Ангрен-Ташкент-Терміз-Мазари-Шариф бағытында жол алса, Әндіжан облысы Қорғантөбе ауданындағы теміржол станциясынан мың тонна ұн, түрлі азық-түлік өнімдері мен коронавирусқа қарсы күресте қолданылатын бір реттік медициналық заттар артылған поезд Қырғызстанның Ош қаласына жол алды.

Мемлекет басшысының бұл бастамасы осындай қиын қыстау, қысылтаяң шақта көрші елдерге көмек қолын созу мәңгілік достықтың белгісі іспетті екені белгілі.

photo_2020-04-01_19-06-23.jpg

photo_2020-04-01_19-06-19.jpg

photo_2020-04-01_19-06-12.jpg

Ауғанстан Ислам Республикасына гуманитарлық көмек
photo_2020-04-01_18-00-13.jpg

photo_2020-04-01_18-00-01.jpg

af_onistonga_am_insonparvarlik_yerdami_zh_natildi_01_04_2020.jpg

2 138
ӨзА