ӨзА Қазақ

13.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Тәжікстанға жедел жәрдем көліктерін жіберді

Өзбекстан Тәжікстанға жедел жәрдем көліктерін жіберді

Өзбектан қазіргі кезде қиын жағдайға тап болған көрші Тәжікстанға жедел жәрдем паркін кеңейту мен пандемия кезінде науқастарға уақтылы көмек көрсету үшін «Damas» автокөліктерін жіберді.

«UzAuto Motors» компаниясынының хабарына сай бұл түрдегі автокөліктердің барлығы медицина қызметшілері үшін қосымша және жеке қорғаныс құралдарымен толықтай жабдықталған. Бұл көліктер Тәжікстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне медициналық мекемелер арасында тарату үшін тапсырылды.

Бұған дейін Өзбекстаннан үздік қабілетке ие мамандардан жасақталған бір топ дәрігерлер Тәжікстанға коронавирусқа қарсы күресте көмектесу үшін жіберілген болатын.

Қазіргі уақытта Тәжікстанда коронавируспен ауырған науқастар саны 729 кісіге жетіп, 23 азамат індеттен көз жұмған.

2 639
ӨзА