ӨзА Қазақ

01.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан СІМ: Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыс жөнінде

Өзбекстан СІМ: Қырғызстанмен шекарадағы қақтығыс жөнінде

2020 жыл 31 мамырда Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекеттік шекарасы аймағында орналасқан «Чашма» бұлағы алдында екі ел азаматтары арасында қақтығыс орын алған. 

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша оқиға жергілікті екі ел тұрғындарын ауыз су және жер сумен қамтамасыз етер «Чашма» бұлағы арықтарын бірлесе тазалау кезінде қос елдің азаматтары арасындағы келіспеушіліктен басталып, арада жаппай қақтығыс шыққан. Оның нәтиесінде екі елдіңде азаматтары жарақат алған және оларға медициналық көмек көрсетілген.

Бүгін оқиға орнында Өзбекстан Республикасы Премьер-министрі Абдулла Арипов пен Қырғыз елі Премьер-министрінің бірінші орынбасары Куатбек Боронов кездесу өтізіп екі халық азаматтарын татуластырған. Алдағы уақытта осындай жағдайлар орын алмас үшін бұл секілді жұмыстарды келісімсіз жасамауға уағдаласқан.

Осы кездесу аясында екіжақты ынтымақтастыққа қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланып, трансшекаралық ынтымақтастықты дамыту және шекаралық мәселелерді достық, тату көршілік, стратегиялық серіктестік рухында, сондай-ақ 2017 жылғы 6 қазанда Өзбекстан мен Қырғызстан арасында қол қойылған шекара аймағындағы сенім шаралары туралы келісімнің ережелеріне сәйкес шешу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

2 576
ӨзА